Үндістанда дәрігерлер босандыру кезінде нәрестенің қолын жұлып алған

150

Үндістанның құқық қорғау органдары 30 шілдеде Харьяна штатының Мандихера қаласындағы ауруханада болған оқиғаға байланысты тергеу бастады.

Үндістанда дәрігерлер босандыру кезінде нәрестенің қолын жұлып алған Фото: canva

Онда дәрігердің қателігінен жаңа туған сәбидің қолы жұлынып кеткен.

Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады,  деп жазады inbusiness.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, босану кезінде медициналық персоналдың шамадан тыс дөрекі әрекетінен нәрестенің бір қолы толықтай жұлынып кеткен. Сәби аман қалған және көршілес қаладағы басқа клиникаға ауыстырылған.

Аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, ауруханада бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттары мен Үндістан Конституциясында кепілдік берілген өмір сүру және денсаулық құқығының бұзылғаны анықталды.

– Бұдан бөлек, комиссия баланың қолының не себепті жұлынғанына байланысты нақты түсініктеме мен нәрестеге жасалған ем-дом және оңалту шаралары туралы мәлімет беруді талап етті, делінген хабарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу