1,5 ғасырда тойланатын фестивальде 40-қа жуық адам қайтыс болды

Мереке басталғаннан бері 200 миллионға жуық адам өзенге шомылған. 

1,5 ғасырда тойланатын фестивальде 40-қа жуық адам қайтыс болды Фото: nv.ua

Үндістанның Праяградж қаласында өтіп жатқан Кумбх Мела фестивалінде ондаған үндістандық қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің жазуынша, 40-қа жуық адамның денесі төбелес болған аумақтан мәйітханаға жеткізілген. 

Кумбх Мела – храмдарға жаппай зиярат ету және өзенге шомылу рәсімімен байланысты индуизм фестивалі. Үнділер Кумбх Мелада шомылу оларды күнәлардан тазартып, өмір мен өлім циклінен босатады деп сенеді. 

Бұл фестиваль әлем бойынша адамдардың ең көп жиналатын мерекесі және оны ғарыштан бақылауға болады. Биыл Маха Кумбх деп аталған фестиваль 144 жылда бір рет өтеді, бұл табынушылар үшін өте маңызды саналады. 

Құлшылық жасаушылар Үндістанның ең қасиетті өзені Ганг Ямуна мен мифтік Сарасвати өзенімен түйісетін жері Сангам Носқа жету үшін полиция баррикадаларынан секіріп өтпек болған. 

Жергілікті уақыт бойынша түске дейін 42 миллион құлшылық етуші Прайагражда шомылу рәсімін жасағаны белгілі. Фестиваль басталғаннан бері 200 миллионға жуық адам өзенге шомылыпты. Олардың қатары 26 ақпанға дейін тағы көбейе түсетіні анық. 

Премьер-министр Нарендра Моди мен федералды министрлер, соның ішінде ішкі істер министрі Амит Шах аталған іс-шарада құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтқан. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу