Үндістанда екі штаттың орнына екі одақтас аймақ құрылды

1391

Үндістан үкіметінің елдің солтүстігінде одақтас Джамму мен Кашмир және Ладакх аймақтарын құру туралы шешімі күшіне енді. 

Үндістанда екі штаттың орнына екі одақтас аймақ құрылды

"Бүгін бұл территория жаңа болашаққа қадам басқалы тұр", – деді ел премьер министрі Нарендра Моди.

Оның айтуынша, екі әкімшілік ауданды Джамму мен Кашмир штаттарының орнына құру Үндістанның тәуелсіздігі жолында күрескен қайраткер Валлабхаи Пательдің 144 жылдығына орайластырылып отыр.  

Моди үкіметтің неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Бұрын Джамму мен Кашмир штаттарына айрықша мәртебе беретін конституцияның 370-ші бабы сәтсіз болғанын жеткізді. Тіпті оның салдарынан аймақта сепаратизм мен лаңкестік белең ала бастаған. Премьер соңғы 30 жыл ішінде 40 мыңға жуық бейбіт тұрғынның лаңкестер қолынан қаза тапқанын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда ресми Нью-Дели конституцияның 370-ші бабының күшін жойып, Джамму мен Кашмир штаттарының әкімшілігін тарататынын жариялаған болатын. Ал олардың орнына Джамму мен Кашмир және Ладакх деп аталатын екі одақтас аймақ құру туралы шешім қабылдады. Үндістан билігінің бұл қадамын Пәкістан мен Қытай сынға алды. Осыдан кейін бұл аймақтағы ахуал одан сайын шиеленісіп түсті. 
 
Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу