Үндістанда "қара зең" жұқтырғандар саны 9 мыңға таяды

1056

Зерттеулерге сәйкес, мукормикоз жұқтырғандардың барлығы – диабетпен ауыратындар.

Үндістанда "қара зең" жұқтырғандар саны 9 мыңға таяды Фото: reuters.com

Үндістанда "қара зең" немесе мукормикоз деп аталатын дерттің эпидемиясы өршіп барады. Бұл ауруға шалдыққандар саны 8800-ден асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

BBC мәліметі бойынша, бұл инфекцияны жұқтырғандардың 50%-ы ажал құшады екен. Науқасты аман алып қалу үшін кей жағдайда мамандар олардың көзін кесіп алып тастауға мәжбүр. 

Науқастардың жартысынан көбі Батыс Гуджарат және Махараштра Штаттарында тіркелді. Бұл індет кең етек жая бастаған соң, елдің 29 штатында мукормикоз эпидемиясы жарияланды. Бұл ауру коронавирустың жанама әсері саналады. COVID-19 дертінен жазылғаннан кейін 12-18 күн өткен соң анықталады. Дәрігерлердің айтуынша, оған коронавирусты емдеу үшін қолданылатын стероидтер себеп болуы мүмкін. 

"Егер науқастар уақытылы және дұрыс емделмесе, онда өлім көрсеткіші 94%-ға дейін өсуі мүмкін. Емдеу құны қымбат және дәрі-дәрмектер тапшы", – дейді Индордағы Махаража Ешвантрао ауруханасының дәрігері.

Бұл елде коронавирустан жазылғандардың мукормикозға шалдығу фактісі 9 мамырда тіркелді. Зерттеулерге сәйкес, мукормикоз жұқтырғандардың барлығы – диабетпен ауыратындар. Ешқайсысында қандағы қант деңгейі қалыпты болмаған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу