Үндістанда қастандық салдарынан 7 адам көз жұмды

815

Жарақат алған партияның аймақтық жетекшісі ауруханаға жеткізілгеннен соң, белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. 

Үндістанда қастандық салдарынан 7 адам көз жұмды

Үндістанның шығыс штаттарының бірінде елдің басқарушы партия өкіліне шабуыл жасалып, 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оқиға жауапты тұлғалар сайлау алды жұмыстарын жүргізіп, қайтып келе жатқан сәтте болған. Лақтырылған жарылғыш заттан оның жанына ерген серіктерінің барлығы сол жерде жан тапсырған. Ал жарақат алған аймақтық жетекшіні ауруханаға жеткізген соң, белгісіз біреулер палатаға кіріп, өлтіріп кеткен. 

"Әзірге қайтыс болған адамдардың бесеуінің кім екенін анықтадық. Біреуі заңгер және оның жүргізушісі, қалғаны қорғаныс қызметінің офицерлері",– полиция басқармасы инспекторының орынбасары Cундар Радж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу