Үндістанда көмір кеніші опырылып, бес адам қаза тапты

686

Үндістанда көмір кеніші опырылып, бес адам қаза тапты

Үндістанның шығысында көмір кеніші опырылып, осының салдарынан бес адам қаза тауып, 20-дан астам адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады  Би-Би-Си.
Болжам бойынша, 20 кенші топырақ астында қалған.
Оқиға орнына  Үндістанның табиғи апат кезінде көмек көрсететін Ұлттық күш отряды келіп жетті. Ол жергілікті қызметтердің құтқару операциясына қолғабыс етіп жатыр.

Оқиға бейсенбі кешкісін  Годда қаласының маңындағы мемлекеттік кеніште болды, дегенмен қаланы басқан қалың түтін құтқару жұмыстарын жедел бастап кетуге кедергі келтірді.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу