Үндістанда қонақүй опырыла құлап, кем дегенде 10-нан астам адам қаза тапты, тағы 20-ға жуық адам үйінділердің астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы жексенбіде asianage.com хабарлады. Қайғылы оқиға Үндістанның Индор қаласында болған. Төрт қабатты ғимаратта қонақүйден тыс лаундж-бар, бірнеше дүкен де орналасқан. Үйдің құлауына оған соғылған автомобиль себеп болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу