Үндістанда көшкін мен су тасқыны салдарынан 13 адам көз жұмды

157

Табиғи апаттан ғимараттар да қирады.

Үндістанда көшкін мен су тасқыны салдарынан 13 адам көз жұмды Фото: EPA

Үндістанның батысындағы Махараштра штатында соңғы 48 сағатта нөсерлі муссон жаңбырынан болған көшкіндер мен су тасқыны салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Штаттың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі министрі Гириш Махаджанның айтуынша, Мумбай қаласы мен оған көршілес Палгхар және Райгад аудандарына рекордтық жауын-шашын түсті.

– Ең көп зардап шеккен аудан – Мумбайдағы Манкхурд. Онда ғимараттың опырылуы салдарынан 6 адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, – деді ол.

Қатты жауын мен көшкін штат аумағындағы теміржол және автомобиль көлігінің қозғалысына да айтарлықтай кедергі келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу