Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жаңбырдан туындаған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 148-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Hindustan Times-қа сілтеме жасап.
Аймақта іздеу-құтқару жұмыстары Үндістан армиясының 600-ге жуық әскери қызметкерінің қатысуымен жалғасуда.
Штатта апаттан қаза тапқандар үшін аза тұту жарияланды.
Нөсердің жалғасуына байланысты мектептерде бір күндік демалыс жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу