Үндістанның Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынған Үндістанның жоғары және төменгі палатасының депуттары, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері және басқа да органдарының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Кештің құрметті қонағы Үндістан сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің директоры Г.Шринивас Қазақстандық дипломаттарды атаулы мерекемен құттықтай келе, жақында өткен премьер-министр Нарендры Модидің Астанаға ресми сапарын және екі ел арасындағы қарым-қатынастар деңгейін жоғары бағалады.
Жиын барысында сөз алған ҚР Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев Қазақстанның ширек ғасыр ішінде халықаралық аренада өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде көрсете алғандығын айтты. Сондай-ақ елші қазіргі кезде Қазақстан әлемнің 180-ге жуық елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандығыны және сыртқы істер министрлігі EXPO-2017, АЭФ, Еуразиялық медиа форум сияқты халықаралық іс-шараларға белсенді атсалысып келе жатқандығын тілге тиек етті.