Үндістанда құмды дауыл тұрып жатқанына екі аптаға жуықтады

790

Үндістанда құмды дауыл тұрып жатқанына екі аптаға жуықтады

Үндістанның солтүстігінде құмды дауыл көз аштырмай тұр. Желдің ұйытқуы секундына 20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір дауыл ел астанасы Нью-Дели мен алып қаржы орталығы саналатын Гуруграм қаласында ойран салып жатыр. Дүлей жел талдарды тамырымен қоса қопарып, кей аймақтарда ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті. Электр бағаналары құлаған.

Қала әкімшілігі мен тәртіп сақшылары тұрғындардың сабыр сақтап, үйден шықпауларын сұрайды.

Еске сала кету керек, өткен аптада Уттар-Прадеш, Раджастан, Пенджаб штаттарындағы дауылдың салдарынан жүзден аса адам көз жұмған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу