Үндістанда құрылыс кранының құлауынан кем дегенде 17 адам қаза тапты, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оқиға өткен түнде Махараштра штатында Мумбай маңында автожол салу кезінде болды. Кран құлаған кезде бетон конструкцияларының бір бөлігі түсіп қалған, үйінділердің астында бірнеше құрылыс қызметкерлері қалды.
Кем дегенде 17 адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды.
Үндістан үкіметі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуге уәде береді.
Оқиғаны тергеу жұмыстары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу