Үндістанда маймыл шешегінен алғашқы өлім дерегі тіркелді

758

Үндістанда маймыл шешегі расталған адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

 Үндістанда маймыл шешегінен алғашқы өлім дерегі тіркелді

Науқас шетелде вирусты жұқтырғанымен, оның отбасы мүшелері тест нәтижесін Үндістандағы ауруханаға уақытылы жібермеген.

Ол Біріккен араб әмірлігінен оралған соң бірнеше күннен кейін өз еліндегі жеке ауруханалардың бірінде қайтыс болады.

"Ер адамда маймыл шешегінің белгілері болмаған. Ол энцефалит симптомымен ауруханаға түскен. Оның туыстары тест нәтижесін тек сенбіде ғана тапсырды. Өлім дерегі бойынша тергеу жүргізілмек. Себебі маймыл шешегі ауруында өлім көрсеткіші өте төмен", – деді Үндістанның Денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Бұдан бөлек Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінен адамның алғашқы өлімін растады. Науқаста иммунитетімен байланысты бірқатар ауырсынулар болған. 41 жастағы науқас Белу-Оризонти қалалық ауруханасына жеткізілген.

Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде маймыл шешегінің 1 266 жағдайы расталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу