Салдарынан кемінде 17 адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға нөсер жаңбыр себеп болған. Мерекеге келген жұртшылық аумақтан бір мезгілде бір ғана шығу жолы арқылы кетуге тырысқан. Соның салдарынан сол жерде адам шамадан тыс көп жиналып, кептеліс туындаған.
Дурга-пуджа – Үндістанның Батыс Бенгалия штатында атап өтілетін, Дурга құдайына арналған басты индуистік мерекелердің бірі. Қайғылы оқиғадан кейін Үндістан билігі қаза тапқандардың отбасыларына 200 мың рупийден (шамамен 2 100 доллар), ал зардап шеккендерге 50 мың рупийден өтемақы төленетінін мәлімдеді.