Үндістанда миллиардтан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

769

Қыркүйек айының басында Қытай осындай көрсеткішке ие болған еді.  

Үндістанда миллиардтан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды Фото: reuters.com

Үндістанның Денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия 1 миллиардтан астам тұрғын коронавирус дертіне қарсы вакцинанының кем дегенде бір дозасын қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Осылайша Үндістан 1 миллиардтан астам тұрғынды вакциналаған екінші ел болды. Қыркүйек айының басында Қытай осындай көрсеткішке ие болған еді.  

Қазір Үндістан коронавирустың анықталған фактілері бойынша әлемде екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, өткен жылдың наурыз айынан бері вирус жұқтырғандардың жалпы саны 34,1 миллионнан асқан. Оның 33,4 миллионнан астамы сауығып, 452 мыңнан астамы қайтыс болды. Емделушілер саны 178 мыңға дейін төмендеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу