Үндістанның шығысындағы Одиша штатында ауа райының қолайсыздығынан найзағай түсіп, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сондай-ақ 14 адам жарақат алды.
Қайғылы жағдай 2 қыркүйекте болған. Сол күні штатта екі сағат ішінде кем дегенде 61 мың рет найзағай ойнап, күн күркіреген.
Үндістанның метеорологиялық департаменті бұған дейін Бенгал шығанағындағы циклондар салдарынан алдағы екі күнде елдің шығысында ауа райы нашарлап, қатты жаңбыр болатынын ескерткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу