Үндістанда науқастар саны қайтадан өсе бастады

744

Бұл елде аурудан айықпаған 3,45 миллион адам бар.

Үндістанда науқастар саны қайтадан өсе бастады Фото: reuters.com

Үндістанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны үш күн қатарынан төмендеген еді, енді қайтадан көбейе бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Өткен тәулікте елде вирус жұқтырудың 382,3 мың фактісі анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 25 мыңға көп. Осымен екінші апта қатарынан күніне 300 мыңнан астам науқас тіркелуде. 2 мамырда бұл елде аурудың асқынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны бір күнде 3689-ға жеткені хабарланған еді. 

Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, осы күнге дейін 20,3 миллион үндістандық дертке шалдығып, оның 16,6 миллионы жазылды. Аурудан айықпаған 3,45 миллион адам бар. Бірақ мамандар олардың саны бұдан 10 есе көп болуы мүмкін деп отыр. Соңғы төрт айда Үндістанда 10 миллион науқас анықталды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу