Үндістанда науқастардың саны миллионнан асты

638

Дегенмен елдегі өлім көрсеткіші төмен.

Үндістанда науқастардың саны миллионнан асты

Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Бір тәулік ішінде 34,9 мың адамның ауруға шалдыққаны анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Ескере кететін жайт, бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында. Соңғы мәлімет бойынша, қазір 340 мың тұрғын ем қабылдап жатыр. Осы күнге дейін 635 мыңы аурудан жазылған. Қаза тапқандар саны 25 мыңнан асты. 
Індет Үндістанға күннен күнге өршуде. Бір тәулікте шамамен 30 мыңдай адам дертке шалдығуда. Бұған дейін хабарланғандай, 14 шілдеде 968 мың адамның вирус жұқтырғаны тіркелген еді. Дегенмен жергілікті билік өлім көрсеткіші басқа елдерге қарағанда төмен деп отыр. Мысалы, орташа есеппен алғанда бір миллион адамның 538-і вирус жұқтырса, оның 15-і қаза табады екен. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сүйенсек, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 13,3 миллионнан асып, оның 580 мыңы ауруын асқындырып көз жұмған.

Табиғат Нұрболат
Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу