Үндістанда оқушыларға өлі жылан еті қосылған түскі ас берілген

307

100-ден аса бала уланып, ауруханаға түсті. 

Үндістанда оқушыларға өлі жылан еті қосылған түскі ас берілген Фото: Рен ТВ

Үндістанның адам құқықтары жөніндегі ұлттық комитеті оқушылардың өлі жылан қосылған мектептегі түскі астан улану жағдайларын тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

 Белгілі болғандай, 24 сәуірде Бихар штатындағы Патна қаласының Мокама ауданында мемлекеттік мектепте түскі ас ішкен 100-ден астам бала уланып қалған.

"Аспаз өлі жыланды алып тастағанына қарамастан, балаларға тамақты берген", - деп хабарлады комитет.

Ұлттық комитет бұл оқиға расталған жағдайда білім алушылардың құқықтарын бұзып отырғанының дәлелі болады деп отыр. Жергілікті билікке осы мәселеге байланысты жан-жақты есеп дайындауға екі апта берілді. Құжатта балалардың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланады деп күтілуде.

Үндістандық БАҚ-тың жазуынша, 500-ге жуық бала өлі жылан қосылған түскі ас ішкен. Оқушылардың тамақтан улану жағдайы жергілікті халықтың наразылығын туғызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу