Үндістанда "омикрон" штамына қарсы вакцина жасалады

958

Оны үдеткіш доза ретінде қолдануға болады.

Үндістанда "омикрон" штамына қарсы вакцина жасалады

Үндістандағы Genova Biopharmaceuticals фармацевтикалық компаниясы коронавирустың "омикрон" штамына қарсы вакцина жасап шығарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, препарат 1-2 айдан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс. 

Тестілеу өткізілгеннен кейін, препаратты үдеткіш доза ретінде қолдануға болады. Препаратты сынақтан өткізу 2021 жылдың соңында басталды.

Егер препарат мақұлданса, ол "омикрон" штамына бейімделген алғашқы үндістандық матрицалық вакцина болмақ. Қазір мұндай екпені жасаумен Pfizer және Moderna компаниялары айналысып жатыр.

Үндістанда халықты вакциналау процесі 2021 жылдың 16 қаңтарында басталды.

Ресми мәлімет бойынша, халықтың 92%-ы екпе салдырған. Пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 37 миллионнан асты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу