Үндістанда өзеннен коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіті табылды

684

Үндістанның Буксар қаласындағы Ганг өзенінен COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың отыздан аса мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үндістанда өзеннен коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіті табылды

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы каналында жарияланған бұл ақпаратқа сенсек, мәйіттер көрші мемлекеттен сумен ағып келген болуы мүмкін. Дегенмен жергілікті халықтың пікірі басқа. Олар жағалауда орналасқан ауыл тұрғындары кремация мен жерлеу рәсімінің қымбат болуына байланысты адамдардың денелерін өзенге амалсыздан лақтырады деп санайды.

Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны жағынан әлемде екінші орында, елде вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу