Үндістанда парламенттік сайлау өтеді

372

Бұл туралы елдің сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үндістанда парламенттік сайлау өтеді Фото: turkystan.kz

Сайлау комиссиясының басшысы Раджиев Кумар баспасөз мәслихатында сайлау кестесін жариялады.

Елдегі парламенттік сайлау 19 сәуір мен 1 маусым аралығында жеті кезең бойынша өтетіні белгілі болды.

Кумар Раджиевтің айтуынша, дауыстарды санау 4 маусымда өтеді.

Дауыс беруге шамамен 970 млн сайлаушы қатысады деп жоспарланған. Ел бойынша 1 млн-нан астам сайлау учаскелері ашылады.

Алдағы сайлауда қазіргі премьер-министр және Бхаратия джаната партиясының жетекшісі (БДП, Үндістан халық партиясы) қатарынан үшінші рет премьер-министр болуды көздеп отыр. Онымен Үндістан ұлттық конгресі партиясы басқаратын І.N.D.I.A оппозициялық альянсы (Indian National Developmental Inclusive Alliance – "Үнді ұлттық инклюзивті даму альянсы") бәсекелеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу