Үндістанда пиротехника фабрикасында жарылыс болып, 8 адам қаза тапты

484

Тағы 16 адам зардап шекті.

Үндістанда пиротехника фабрикасында жарылыс болып, 8 адам қаза тапты Фото: Укринформ

Үндістанның Тамилнад штатында орналасқан пиротехника фабрикасындағы жарылыс салдарынан 8 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz Синьхуа порталына сілтеме 
жасап.

Ресурстың жазуынша, Ченнай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жердегі Канчипурам округінің Курувималай ауданындағы фабрикада отшашу өндірісінде қолданылатын шикізат кенеттен тұтанғаннан жарылыс пайда болған.

“Бүгін Курувималай ауданында орналасқа пиротехникалық фабрикада жарылыс болып, 5 адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деді Канчипурам округі басқармасының өкілі.

Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің 13-і Канчипурам мемлекеттік ауруханасында жатыр, тағы үшеуі Ченнайдағы екі ауруханаға жіберілген.

Полицияның мәлімдеуінше, кәсіпорынның қираған ғимаратында құтқару операциясы жүріп жатыр. Жарылыс кезінде мұнда 25-тен аса қызметкер жұмыс істеген.

Құқық қорғау органы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу