Үндістанда пиротехника зауытындағы жойқын жарылыстан 11 адам қаза тапты

260

Тағы 60 адам жарақат алды.

Үндістанда пиротехника зауытындағы жойқын жарылыстан 11 адам қаза тапты Фото: видео скриншот

Оқыс оқиға Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

"Сейсенбі таңертең Мадхья-Прадеш штатындағы Бейрагарх ауылындағы отшашу фабрикасында болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, 60 адам жараланды", - делінген басылым хабарламасында.

Жарылыс жақын маңдағы 60 үйді қиратты. Бұған қоса билік тағы 100 үйден адамдарды эвакуациялады.

Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ондаған адам зауыт ғимаратының қирандыларының астында қалуы мүмкін. Жарылыстың күшті болғаны сонша, ол 15 шақырым радиуста сезілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу