Үндістанда Samsung компаниясының зауыты ашылды

953

Үндістанда Samsung компаниясының зауыты ашылды

Үндістан мен Оңтүстік Корея денсаулық сақтау, телекоммуникация, киберқауіпсіздік пен экономика салаларын дамыту мақсатында 11 келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі мемлекет тауарайналым құнын 50 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның ірі Samsung Electronics компаниясы Үндістанның Уттар-Прадеш штатында смартфон шығаратын зауытын ашты. Енді электрондық алыптың 10 пайыз өнімі осы жерде шығарылады. Ал алдағы 3 жылда бұл көрсеткіш 50 пайызды көрсетуге тиіс. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Айта кету керек, осыған дейін "Үндістанда жасалған" атты үкімет науқаны аясында смартфон компонентін құраушы өнім импортына баж салығын салған болатын. Жергілікті билік Үндістанды электроника өнімі орталығына айналдырып, бірнеше миллион жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.

"Samsung компаниясын шын жүректен құттықтаймын. Оңтүстік Кореяның электроника әлеміндегі алып мекемесінің зауыты Үндістанда ашылғанына қуаныштымын. Бұл жобаға бөлінген 276 миллион долларды құрайтын инвестиция тек Samsung-тың жағдайын жақсартып қана қоймай, Үндістан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасын нығайтады деп сенемін", - дейді , Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу