Үндістанда су тасқынан 22 адам қаза тапты

1485

Үндістанның Керала штатында толассыз жауған жауын-шашынның арты су тасқынына ұласып, салдарынан кемінде 22 адам қаза тапты.

Үндістанда су тасқынан 22 адам қаза тапты

Табиғаттың тосын мінезінен Карнатака мен Махараштра штаттары да зардап шегіп отыр. Пуна, Сатара, Сагли және Кохалпур округтерінің 132 мың тұрғыны уақытша құтқару лагерьлеріне орналастырылды. Жергілікті биліктің айтуынша, құтқару операцияларына әскерилер жұмылдырылған. Мамандар сол маңдағы бөгендер арнасынан асып жатырғанын, жауын тоқтамайынша су тасқынының басылмайтынын айтты. 

Апатқа байланысты, штаттардағы оқу орындар жабылып, Кочина қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатты. Нөсер жауын Үндістанның оңтүстік және батыс аудандарында маусым айының соңында басталып, біраз елді мекен су астына қалған болатын. Мамандардың есебі бойынша, биылғы муссон соңғы 10 жылдағы ең жойқын апаттардың бірі болды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу