Үндістанда су тасқыны салдарынан 40 адам жоғалып кетті

402

Жоғалғандар арасында 23 әскери қызметкер бар.

Үндістанда су тасқыны салдарынан 40 адам жоғалып кетті Фото: RT

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатында су тасқыны салдарынан кемінде 43 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Су тасқыны Сиккимнің солтүстік-шығысындағы Гималайда орналасқан Лхонак мұзды көлінің аймағында сәрсенбіде жауған нөсер жаңбыр салдарынан болған. Жағдайды Тиста өзенінде орналасқан су электр станциясынан төгілген су да қиындатып жіберген. Су деңгейі 4-6 м-ге көтеріліп, тасқын өзен аңғарындағы әскери орындарды шайып кеткен.

"Үндістан армиясының шығыс қолбасшылығының хабарлауынша, кем дегенде 23 сарбаз із-түзсіз жоғалып кеткен және армияның бірнеше көлігі лай көшкіні астында қалған. Сондай-ақ 20 жергілікті тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Қазіргі кезде ауқымды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Су тасқыны салдарынан қаза тапқандар мен құрбандар саны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Тасқын су кейбір жолды қиратып кеткен. Сикким билігі азаматтарды, әсіресе Гималай тауы маңындағы штат тұрғындарын қырағы болуға шақырды. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди штат билігін орталық үкімет аймаққа барлық қажетті көмек көрсетеді деп сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу