Үндістанда су тасқынынан 50 адам қайтыс болды

885

Ылғал жоғары болғандықтан, ескі ғимараттардың іргетасы сөгіліп, біраз баспана құлап қалған.

Үндістанда су тасқынынан 50 адам қайтыс болды

Үндістанның шығысында болған су тасқыны 50 адамның өмірін жалмады. Хабарсыз кеткендер қаншама. Қазір олардың саны нақтыланып жатыр.

Құтқару қызметі аймақ тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Қаладағы тұрғын үйлер қирап, бірқатар адам соның астында қалып қойған.

Үндістанда жаңбырлы маусым 4 ай қатарынан болады. Биыл жауын жиі жауғандықтан, бірқатар өндіріс орны жабылып, экономикалық өсім баяулады. Ауыл-аймақтағы инфрақұрылымдар және егістік алқаптары су астында қалды. Ылғал жоғары болғандықтан, ескі ғимараттардың іргетасы сөгіліп, біраз баспана құлап қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу