Үндістанда су тасқынынан 62 адам қаза тапты

791

Алдағы күндері де жауын-шашын болады. 

Үндістанда су тасқынынан 62 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігінде су тасқыны жүріп, оның салдарынан зардап шеккендердің саны кем дегенде 4 228 100 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz

CNN арнасына сілтеме жасап. Олардың барлығы – апат аймағында өмір сүріп жатқан жергілікті тұрғындар.  

Ресми дерек бойынша, 62 адам қаза тапты. Мал жайылатын өрістер судың астында қалып, көлік қатынасы тоқтап қалды. Қазір табиғи апаттарға қарсы күштер мен жергілікті әскерилер су тасқыны жүріп жатқан аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Апаттан зардап шеккен елді мекендердің әкімшіліктері тұрғындарға үйден шықпауды ұсынды. Алдағы күндері де су тасқыны жүруі мүмкін. Мамандар жауын-шашын болады деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат 

Фото: cnn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу