Үндістанда тас көшкінінен 2 адам қайтыс болды

215

Тау басынан домалаған тастар жолаушылар көлігіне құлаған.  

Үндістанда тас көшкінінен 2 адам қайтыс болды Фото: Ашық дереккөзден

Үндістанның шығысында тас көшкінінен 2 адам опат болды. Көліктің видеотіркеуіне оқиғаның қалай болғаны жазылып қалыпты.

Тау басынан домалаған тастар жолаушылар көлігіне құлаған. Тағы үш адам әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Соққының күшті болғаны соншалық – автомобильдер бірнеше секундта үйілген металға айналды.

Айта кетейік, қазір аймақта жаңбыр жауып тұр, салдарынан тас көшкіні қаупі туындады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу