Үндістанда телефонның жарылуынан бір бала қайтыс болды

633

Жарылған смартфон - Xiaomi Redmi Note 5 Pro. 

Үндістанда телефонның жарылуынан бір бала қайтыс болды Фото: Monavista.ru

Сегіз жасар қыздың қолындағы смартфон жарылып, оның өмірмен қош айтысуына себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Gizmochina порталына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға Тирувиламала ауылында кешке қыз көрпенің астында телефон ойнап жатқанда болған. Жарылыстан оның беті мен қолы күйіп, ауыр жарақаттанған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс смартфонның қызып кетуінің салдары болды. Телефон алдында ұзақ отырғандықтан, құрылғы қызып, ақыры жарылуы мүмкін. Медициналық сарапшылардың пікірінше, смартфон жарылған сәтте зарядталып жатқан болуы керек.

Жарылған телефонның бөлшектері егжей-тегжейлі зерттеу үшін жинақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу