Үндістанда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 300-ден асты

416

800-ден астам адам жарақат алған. 

Үндістанда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 300-ден асты Фото: BBC

Ал қайғылы жағдай, нұсқаулықтың дұрыс берілмеуінен болды дейді елдің көлік министрі Ашвини Вайшнав. Алдын ала тергеу деректері бойынша, пойызға әуелі басты жолмен жүру жөнінде хабар берілген, кейін диспетчер басқа жолға ауысу керектігін айтқан. Алайда апатты пойыздың машинисі, ол хабарламаны естімей қалған көрінеді. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жүк құрамына барып соғылған. 

Guardian газеті бұл, Үндістандағы ең ірі теміржол апаттарының бірі деп жазды. Ол сонау колониалдық кезден келе жатқан теміржол инфрақұрылымын, ауыстыру жөніндегі бастамасы үкімет деңгейінде  талқыланып жатқан кезде орын алды дейді. Ал жыл сайын Үндістанның пойыз жолдарында жүздеген апат болады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу