Үндістанда теміржол көпірі опырылып, 17 адам қаза тапты

532

Көбісі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Үндістанда теміржол көпірі опырылып, 17 адам қаза тапты Фото: The Times of India

Үндістанның шығыс аймағындағы Мизорам штатында салынып жатқан теміржол көпірі опырылып, кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін, яғни 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында Аиджал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай қашықта болған.

"17 адамның мәйіті табылды, көбісі із-түзсіз жоғалып кетті", деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, көпір опырылған кезде құрылыс алаңында 35-40 адам болған. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың отбасына көңіл айта келе, Ұлттық көмек қорынан оларға 200 мың рупий және зардап шеккендерге 50 000 рупий бөлуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу