Үндістанда тірі егеуқұйрықтың арқасына соя өсіп шықты

780

Үндістандық фермер таңғалып, біртүрлі жәндікті таспаға басып алды. 

Үндістанда тірі егеуқұйрықтың арқасына соя өсіп шықты

Үндістанда фермер арқасына соя өсіп шыққан егеуқұйрыққа кез болды. Бұл жайлы бейнетаспаны LADBible порталы жариялап отыр, деп хабарлайды abctv.kz.

Мадхья-Прадеш штатындағы Ратлам қаласының маңындағы соя алқабын аралап келе жатқан ДатарСингх таңертеңгісін өзгеше бір егеуқұйрыққа тап болады.  Өз көзіне өзі сенбеген ол көршілерін шақырып, біртүрлі жәндікті таспаға басып алады. 

Таң-тамаша болған үнділіктер егеуқұйрықты айналдыра қарап, оның мұндай күйге қалай түскенін сан-саққа жүгіртеді. Дегенмен арқасына біткен өсімдік жәндікті әбден қинағаны көрініп тұр.

Сингх жәндікті үйіне әкеліп, арқасындағы жарадан өсіп шыққан өсімдікті алып тастайды. Фермердің пайымдауынша, мұны тентек балалар істеуі мүмкін.

Барнагар қаласына жақын орналасқан колледждің биология кафедрасының жетекшісі профессор Сиддики фермерге кез болған жәндіктің көрер жарығы бар екен деп отыр. 

"Бұл  ғажап нәрсе. Соя оның мойын тұсына жақын өскенімен, миына тамырын жая қоймаған екен". 
Ғалымның айтуынша,  сояның тұқымы беті ашық жараға түссе керек. Алайда ол жәндіктің осынша уақыт тірі жүргеніне таң қалғанын жасырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу