Үндістанның тұрғыны әлемдегі ең көп тістері бар әйел ретінде танылды және осы қасиетінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Hindustan times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметтері бойынша, әлемдік рекордты 26 жастағы үндістандық Калпана Балан орнатты. Оның 38 тісі бар. Яғни, басқа адамдармен салыстырғанда 6 тісі артық.
Калпана Баланның ауыз қуысындағы төменгі жағында қосымша - 4, жоғары жағында - 2 тісі бар екен.
Оның айтуы бойынша, жас кезінде қосымша тіс шыға бастаған. Бұл оған ешқандай ыңғайсыздық тудырмаған. Осыған байланысты ата-анасы дәрігерге апарып, артық тістерді алып тастауды ұсынған.
Алайда, Калпана Балан тіс жұлдырудан қорыққандықтан тіс дәрігеріне барудан түбегейлі бас тартқан.
"Гиннестің рекордтар кітабына енгеніме өте қатты ризамын. Бұл менің өмірімдегі ең басты жетістік", – деді Калпана Балан.
Ерлер арасында осындай рекорд канадалық Эвано Меллонеге тиесілі. Оның 41 тісі бар.
Айта кетсек, медицинада артық тістердің болуы гипердентия немесе полиодонтия деп аталады. Статистикаға сүйенсек, әлем халқының 3,8% -да бір немесе бірнеше артық тіс бар. Гиперденсия тістің пайда болуының бұзылуына байланысты болады. Бірақ оның нақты себебі әзірге белгісіз.