Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмып, тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Уттар-Прадеш штатында өзендер арнасынан асып, үйлер су астында қалды.
РИА агенттігінің хабарлауынша, 600 шақты нысан зақымданды. Қатты дауылдан ағаштар құлап, шатырлар ұшқан. Көптеген ғимарат жарықсыз қалды.
Уттар-Прадеш штатының бас министрі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына медициналық және қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу