Үндістанда туннельдегі жұмысшыларды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

288

Оларға су мен азық-түлік жіберілді.

Үндістанда туннельдегі жұмысшыларды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр Фото: rus.delfi.ee

Үндістанның солтүстігінде жексенбі күні опырылып түскен туннель астында қалған 40 жұмысшы әлі тірі. Бұл туралы құтқару тобының жетекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Туннельде қамалған 40 жұмысшы тірі. Біз оларға су мен азық-түлік жібердік", - деді Апатқа қарсы әрекет ету ұлттық күштерінің аға қолбасшысы Карамвир Сингх Бхандари.

Айта кетсек, апат жексенбі күні таңертең Үндістанның Гималай тауында жұмысшылар тобы құрылыс алаңынан шығып бара жатқанда болды. Зардап шеккендермен алғашқы байланыс қағазға жазылған хаттар арқылы жүзеге асырылды, бірақ кейінірек құтқарушылар радиожабдықтардың көмегімен байланыс орната алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу