Үндістанда үш аяқты сәби дүниеге келді

805

Үндістанда үш аяқты сәби дүниеге келді

Үндістанның Джангаон қаласының 25 жастағы тұрғыны Срилата Канчанапалли үш аяқты қызды дүниеге алып келді, деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Ерекше сәби сирек кездесетін "паразит егіз" ауытқуымен туған. Ата-анасы сәбидің артық аяғын алып тастау үшін Хайдабарадон қаласындағы ірі госпитальдің көмегіне жүгінген. Үш сағатқа созылған операция сәтті өтті. Дәрігерлер баланың өміріне еш қауіп жоқ, ал ата-анасының алаңдауына енді еш негіз жоқ деп отыр.

Айта кетейік, жүз мың ананың арасынан тек біреуі мұндай ерекше сәбиді дүниеге әкеледі екен. Мұндай ауытқу ана құрсағындағы егіздің біреуі әлсіз сыңарын жұтып қою арқылы пайда болады. Осылайша паразит толығымен немесе жартылай өзінің "құрбанымен" бірігіп кетеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу