Үндістанда вирус жұқтырғандар саны күрт артты

757

Қазір 1 миллионнан астам адам ем қабылдап жатыр. 

Үндістанда вирус жұқтырғандар саны күрт артты Фото: reuters.com

Үндістанда соңғы тәулікте 97,8 мың адамның коронавирус дертіне шалдыққаны анықталды. Елдің денсаулық сақтау және отбасы министрлігінің хабарлауынша, бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Ескере кететін жайт, Үндістан науқастар саны бойынша қазір екінші орында тұр. Бұл елде осы күнге дейін 5,11 миллион тұрғын инфекцияны жұқтырған. 
Ведомствоның дерегінше, соңғы бір тәулікте жүргізілген 1,13 миллион тесттің нәтижесінде 82,7 мың адамның аурудан айыққаны анықталған. Жалпы, дерттен жазылғандардың саны 4 миллионнан асқан. Қазір 1 миллионнан астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індеттің өршуін пандемия деп таныған еді. Әлемдегі науқастардың саны 30 миллионға таяп қалды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу