Үндістанда жаңа президент сайлануда

805

Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері мен штаттардың заң шығарушы органдарынан тұратын сайлау округі сайлайды.

Үндістанда жаңа президент сайлануда

Үндістан парламентінің депутаттары 18 шілдеде елдің 15-ші президентін сайлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 14-президент Рам Натха Ковинданың өкілеттігі 24 шілдеде аяқталады.

Бас үміткер – Бхаратия джаната парти билеуші партиясы бастаған ұлттық-демократиялық альянстың атынан шыққан саясаткер Драупади Мурму. Оның қарсыласы – оппозиционер Яшвант Синха.

Дауыс беруге парламенттің 4 896 депутаты қатысуда. Қорытындысы 21 шілдеде күні жарияланады.

Үндістанда президентті халық емес, парламент мүшелері мен штаттардың заң шығарушы органдарынан тұратын сайлау округі сайлайды.

Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысын федералды парламенттің екі палатасының мүшелерінен (Лок Сабха және Раджья Сабха), сондай-ақ Видхан Сабха, яғни штаттар мен аумақтардың заң шығарушы төменгі палаталарының мүшелерінен тұратын сайлау алқасы сайлайды.

Үндістан президенті ұлттың символы болып саналады, ол мемлекет басшысы және жоғарғы қолбасшы қызметін атқарады. Алайда іс жүзінде оның функциялары номиналды, елдегі нақты билік премьер-министрдің қолында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу