Үндістанда "жасыл зең" жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

1148

11 маусымда "қара зең" дертінің ел аумағында таралуы соңғы үш аптада 150%-ға жеткені хабарланған еді.

Үндістанда "жасыл зең" жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді Фото: reuters.com

Үндістанда "жасыл зең" ауруын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Times Of India сайтына сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, індетке шалдығу фактісі Мадхья-Прадеш штатында анықталды. Бұл – зең ауруының бір түрі. Оның басқа түрлерінің, яғни "қара", "ақ" және "сары" зеңнің (мукормикоз) ондаған мың адамға жұққаны бұған дейін хабарланды.

"Жасыл зеңді" коронавирус инфекциясынан кейін ауруханаға түскен 34 жастағы ер адам жұқтырған. Оның өкпесінің 90%-ы қабынған. "Науқастың өкпесінен "жасыл зең" инфекциясы (Aspergillus тұқымдас зең) табылды. Бұл Мадхья-Прадеште тіркелген алғашқы жағдай", – деді Шри Ауробиндо медициналық ғылымдар институтының маманы Рави Дози.

11 маусымда Үндістанда "қара зең" дертінің таралуы соңғы үш аптада 150%-ға жеткені хабарланды. Бұл дерт әсіресе Махараштра штатында кең етек жайды. Аурудан 600-ден астам адам қайтыс болған.

Мукормикоз – зең инфекциясынан туындаған асқынудан кейін пайда болатын дерт. Оған әсіресе қоршаған ортадағы зең спораларын ұстаған адамдар шалдығады. Ол споралар ағзаға терідегі жарақат арқылы енеді. Мамандардың айтуынша, қант диабеті барлар мен иммунитеті әлсіз адамдардың "қара зеңге" шалдығу ықтималдылығы жоғары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу