Үндістанда жолаушылар пойызы шойын жолдан шығып кетіп, 4 адам көз жұмды. Тағы 70 кісі жараланған.
Олардың 31-і ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Бихар штатындағы Рагунатпур бекетіне жақын маңда болған.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Нью-Дели - Ассам бағытында келе жатқан пойыздың барлық 21 вагоны жолдан шығып, 2-уі аударылған.
Вагондар арасында қалған жолаушыларды құтқару ісі әлі жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу