Үндістандағы дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

881

Үндістандағы елшілікке жүгінгендер болған жоқ.

Үндістандағы дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Үндістандағы циклоннан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір дауыл Үндістан жағалауынан ығысты. Соңғы деректер бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жоқ. Жойқын апаттан 15 адам зардап шеккен. Біздің елдің азаматтары Үндістандағы елшілікке жүгінбеген"  делінген ведомство мәліметінде.

Еске салсақ, Үндістанның жағалаудағы елдімекендерінен "Фани" циклоны төнуіне байланысты  жүздеген мың адам эвакуацияланған болатын. Соңғы деректер бойынша, қауіпсіз жерге көшірілгендер саны бір миллионнан асқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу