Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатындағы ғибадатхана маңында адамдардың өте көптігінен ондаған адам жаншылып, зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүздеген діндар Тирумала Венкатешвары ғибадатханасындағы индустардың діни фестиваліне келген. Ғибадатхананың қақпасы ашылғанда фестивальге кіруге билеттер үшін кезек басталған. Адамдардың көптігінен қақтығыс болып, кем дегенде алты адам жаншылып қайтыс болса, тағы 40-қа жуық зардап шегуші әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаларға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу