Үндістанның Триссур қаласында аласұрған піл фестиваль кезінде ойран салды, деп хабарлайды massaget.kz.
Қатты шыққан дыбыстар мен ыстық ауа райы жануарды есінен адастырғандай. Қожайыны оны ұстап тұра алмады. Піл тұрақта тұрған автомобильге барып, аударып тастады. Содан кейін бірнеше мотоциклді қиратты. Адамдар аласұрған жануардан қаша жөнелді, сондықтан зардап шеккендер болмады. Біраз уақыттан соң ашуы басылған піл бір мезетте қожайынына барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу