Үндістандағы G20 СІМ басшыларының кездесуіне 40 делегация қатысады

494

2 наурызда Нью-Делиде Үндістанның төрағалығымен өтетін "Үлкен жиырмалық" Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне 40-қа жуық делегация қатысады.  

Үндістандағы G20 СІМ басшыларының кездесуіне 40 делегация қатысады Фото: slovoidilo.ua

"Ертең Үндістанның G20 төрағалығымен G20 Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл біздің төрағалығымызбен өткізілетін екінші министрлік кездесу болады. Өткізу орны ретінде Раштрапати Бхаван мәдени орталығы белгіленді. 40 делегация қатысады деп күтілуде", - деді Кватра.

Ол бұл кездесу G20 елдерінің сыртқы істер министрлерінің ең үлкен жиналыстарының бірі болатынын атап өтті. Үндістан СІМ басшысы Субраманям Джайшанкар осы саммит барысында өтетін екі сессияға төрағалық етеді.

"Бірінші сессия көпжақтылыққа, азық-түлік пен энергияға қатысты мәселелерге арналады. Екінші сессияда төрт-бес негізгі мәселеге, соның ішінде терроризм мен есірткіге қарсы күреске назар аударылады", - деп қосты Кватра.

G20 елдерінің СІМ басшылары 1 наурызда саммит құрметіне салтанатты қабылдауға қатысады. Сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер мен консультациялар өткізеді деп жоспарлануда. Негізгі талқылау 2 наурызда Президент сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу