Үндістандағы қазақстандықтарды қайтару әлі талқыланып жатыр – министр

846

76 азамат елге елге қайта алмай отыр.

Үндістандағы қазақстандықтарды қайтару әлі талқыланып жатыр – министр

Коронавирустің өршуіне байланысты Үндістан билігі барлық бағыттағы шекарасын тарс жауып тастаған. Карантин құрсауында қалған шетелдіктер арасында 76 қазақстандық та бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев оларды елге қайтару мәселесінің әлі шешілмей жатқанын айтты.

"Қазіргі сәтте 76  азаматымыз туралы айтылып отыр. Өздеріңіз білетіндей, Үндістан барлық шекараны 15 сәуірге дейін жапты. Тыйым барлық әуе, жерүсті және теңіз көліктеріне қатысты. Сондықтан отандастарымызды әкелу мерзімі мен жолдары талқылау кезеңінде", – деген министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу