Үндістандағы көпір апатына кімдер кінәлі?

486

Жергілікті полиция өкілдерінің айтуынша, 9 адам қамауға алынған, олардың арасында мердігерлер мен билет сатушылар бар. 

Үндістандағы көпір апатына кімдер кінәлі? Фото: www.pravda.com.ua

Мамандар қайғылы оқиғаның алдында бір топ адамның көпірді теңселтпек болған әрекеті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұны апат орнында болған куәгерлер де растап отыр. Әзірге көпірде адам санын бақылауда ұстай алмаған 3 күзетші, бірнеше кассир мен құрылыстың жөндеу жұмысына жауапты екі адамға қатысты іс қозғалды.

Гуджарат штатында аспалы көпірдің опырылуынан 141 адам мерт болғанын еске саламыз. Марқұмдардың арасында балалар мен әйелдер көп. Құрылыс нысаны қирағанда онда 500-ге жуық адам болды. Тергеу ісі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу