Үндістандағы лай көшкіні кезінде жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр

382

Қаза тапқандар саны 71-ге жетті.

Үндістандағы лай көшкіні кезінде жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр Фото: Anadolu Agency

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында лай көшкіні кезінде хабар-ошарсыз кеткендер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Табиғи апат кезінде құлаған ғибадатхана үйіндісі астында қалғандар толық шығарылып біткен жоқ.

2 жарым мың тұрғын үйлерін тастап кеткен. Олар уақытша паналарда тұрып жатыр. 

Өткен апта соңында өңірде дамылсыз нөсер жауып, лай көшкен. Үйлер қирап, электр жарығы өшті. 

Қираған жолдарда көлік, соның ішінде пойыз қатынасы әлі қалпына келген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу