Үндістанның Мумбаи қаласындағы ойын-сауық кешенінде өрт болып, 14 адам қаза тапты7 Тағы оннан астам кісі жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz7
Өрт алдымен ғимараттағы дәмхананың бірінty шығып, содан кейін жалын бес қабатты ғимаратқа тез жайылған. Алдын ала тергеуге қарағанда өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан пайда болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Мамандар сондай-ақ кешендегі нысандардың көбі өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтамай келгенін анықтап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу